Қ.Тоқаев ғалым Аманжол Қошановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Аманжол Қошанұлы Қошановтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. 

– Аманжол Қошанұлы ұзақ жыл табысты еңбек етіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Нарық қатынасына көшу кезеңінде іргелі реформаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын терең зерттеді. Білікті мамандар даярлау ісіне де өз үлесін қосты. Игі қызметімен ел-жұрт алдында құрметке бөленіп, соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған Аманжол Қошанұлының есімін халқымыз әрдайым ардақ тұтады, – делінген жеделхатта.