ҚР СІМ басшысы Румыния Елшісін қабылдады

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Румынияның Елшісі Чезар-Маноле Армянумен кездесті.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

«М.Тілеуберді қазақстандық-румын ынтымақтастығының қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалап, Қазақстанның екіжақты негізде де, халықаралық аренада да өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниетін білдірді. Румын Елшісіне Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы берілді», - делінген хабарламада.

Румынияның Елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.