426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев ЕАЭО-да сауда-саттық саласындағы кедергілерді атады

  • 387
  • UPD: 16:43, 21.05.2021
Қ.Тоқаев ЕАЭО-да сауда-саттық саласындағы кедергілерді атады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесінде сөз сөйледі.

«Өкінішке қарай, соңғы бір жарым жылға жуық уақытта көзбе-көз жүздесуге мүмкіндік болмай отыр. Бастысы, бұл жайт жұмыс сапасына кері әсер етіп жатқан жоқ. Вакцинациялау мен өзге де шаралар жағдайды жақын арада тұрақтандыруға мүмкіндік береді деген сенімдемін», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде сауда мәселесіне де көңіл бөлді.

«Алдымызда дағдарыстан кейін қалыпқа келу жолындағы басты мәселе – өзара саудадағы кедергілерді жою міндеті тұр. Локдаун уақытында олардың саны күрт өсті. Сауда-экономикалық белсенділік қалыпқа келтірілген соң да бұл кедергілер өздігінен жойылмайды деген қауіп бар», – деп қорытындылады сөзін Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті.

Хабар 24 телеарнасы