Жыл сайын ағаш отырғызылса, «жасыл» елге айналамыз – Елбасы

Елбасының баспасөз қызметі инстаграм парақшасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосын жариялады.

«Егер адамдардың бәрі ауласына тал ексе, қалалар мен ауылдарда жыл сайын ағаш отырғызылса, біз «жасыл» елге айналамыз. Жасыл желек – елді мекендердің «өкпесі», таза ауа, жанға сая. Біз оны болашақ ұрпақ үшін өсіреміз...», - деп жазған Н.Назарбаев парақшасында.