Мемлекеттік сатып алуға қатысты заң қабылданды

Сенаттың жалпы отырысында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы министрінің айтуынша, осыған дейін бұл процесс әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеліп келген. Мәселен, Самұрық-Қазына қорында сатып алу «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңмен және қордың директорлар кеңесі бекіткен сатып алу қағидалары негізінде жүзеге асқан.

Ал «Бәйтерек», «Зерде» сияқты ұлттық компаниялар «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға және Қаржы министрлігі бекіткен Сатып алу қағидаларына жүгінген. Енді квазимемлекеттік сектор субьетілеріне ортақ ережелер заңмен бекітіледі. Яғни құжатта сатып алуды жүзеге асыру процесі, тауар ұсынушыға қойылатын талаптар және шектеулер көрсетілген.

Министрдің айтуынша, қабылданған құжат саладағы ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.