Қазақстан қос Корея арасындағы келіссөздерге көмектесуі мүмкін

Қазақстан Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы келіссөздерге көмектесуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сеулде орналасқан Асан саяси зерттеулер институтының директоры Хан Сын Джу хабарлады. Ол Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Хан мырзаның айтуынша, бұл құжат бүкіл Орталық Азия аймағын түсінуге әсер етеді. Оңтүстік Кореяның «ойлау орталығының» басшысы Сеул мен Нұр-Сұлтанды Қазақстандағы жүз мың корей ұлтының өкілдері байланыстыратынын баса айтты. Сондай-ақ оның айтуынша, Кореяны Қазақстанның ядролық қарудан бас тартудағы бірегей тәжірибесі қызықтырады. Асан – елдегі ең ірі ұлттық қауіпсіздік зерттеу орталығы. Институт басқа елдердің саясаттанушыларымен белсенді ынтымақтастық жасайды. Бірақ коронавирус пандемиясы кезінде халықаралық кездесулер онлайн режимінде өтеді.

Хан Сын Джу, Асан саяси зерттеулер институтының директоры:

– Ядролық қаруға иелік еткен және өз еркімен одан бас тартқан елдер өте аз. Қазақстанда осындай тәжірибе бар және ол үлгі болып табылады. Солтүстік Корея ядролық қарудан арылғысы келмейтінін көрсетіп отыр. Біз тікелей келіссөздер жүргізіп, Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға сендіру үшін халықаралық ұйымдардың немесе Қазақстан секілді елдерінің көмегі қажет. Менің ойымша, біз Солтүстік Кореяны қарусыздандыру қарулы қақтығыссыз өтуі керек. Сондықтан Қазақстан мен Корея арасында жасалған меморандумның маңызы өте зор.