Н.Нығматулин Т.Ошимамен келіссөз жүргізді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы сөз болды. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен кездесуде Нұрлан Нығматулин күншығыс елі Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін және оған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапониямен көпсалалы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін айтқан Мәжіліс төрағасы отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы әңгімеледі.