423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады

  • 216
  • UPD: 19:39, 02.06.2021
Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы дағдарысқа қарамастан қаржылық тұрақтылықты сақтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір компания пандемияға дейінгі кезеңнің көрсеткіштеріне жету бағытында жұмыс істеп жатыр. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Алик Айдарбаев осылай деді. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Елбасына былтырғы және қазіргі жұмыстарының нәтижесін баяндады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың оңай болмағанын атап өтті. Сөйтіп, «пандемия экономикаға кері әсер етті. Мұнай арзандады. Көптеген кәсіпорын қиындыққа тап болды. Қазір барлығы қалпына келе бастады» деді.

Хабар 24 телеарнасы