425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

  • 77
  • UPD: 19:26, 02.06.2021
Н.Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Елбасы – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқарушы кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Тұңғыш Президент тәуелсіздік жылдары елде жүзеге асырылған инфрақұрылымдық жобалардың нәтижесіне тоқталды. Бұл бағытта көп жұмыс атқарылды. 2 жарым мың шақырым теміржол желісі тартылды. Осылай деген Нұрсұлтан Назарбаевқа көлік-логистикалық әлеуетті арттыру жұмыстары да баяндалды. Негізгі мақсат экспорттық-транзиттік тасымалды ұлғайтып, қызмет көрсету сапасын арттыру екені атап өтілді.

Хабар 24 телеарнасы