Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Қытай үкіметі «Белдеу және жол» бастамасын нәтижелі жүзеге асыру үшін етене жұмыс істеуі керек.

Биыл қос ел арасындағы дипломатиялық байланысқа 30 жыл. Осы уақыт аралығында серіктестік нығая түсті. Әсіресе коронавирус пандемиясында мемлекеттер бір-біріне қолдау білдірді. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Жақында елімізге жеткізілген CoronaVac вакцинасының да індетпен күресте маңызы зор. Айтпақшы, Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кезекті жиыны келесі жылы біздің елде өтуі мүмкін.