427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Журналист Ержан Байтілес саяси қызметке тағайындалды

  • 144
  • UPD: 10:52, 03.06.2021
Журналист Ержан Байтілес саяси қызметке тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президентінің баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Солайша мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр.

Әріптесімізге жаңа жұмысында толағай табыс тілейміз. Алар асуың, бағындырар биігің көп болсын», - деп жазды Берік Уәли.

Хабар 24 телеарнасы