427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Өзбекстанға барды

  • 136
  • UPD: 15:44, 03.06.2021

Бүгін елордада пленарлық отырыс өткізе салысымен сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Өзбекстанға жол тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғарғы палата спикері көрші елде әріптестерімен бірқатар маңызды кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ төраға осы елдің Президенті Шавкат Мирзиеёвпен де кездеспек.

Риат Шони, тілші:

– Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мінген ұшақ бірер сағат бұрын Ташкенттің халықаралық әуежайына келіп қонды. Ең әуелі мәртебелі мейман «Тәуелсіздік және гуманизм» монументіне гүл шоқтарын қоймақ. Кейін жоғарғы палата төрағасы өзінің өзбекстандық әріптесі, Олий Мажилис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаевамен кездесу өткізеді. Отырыс барысында тараптар екі елдің әріптестігі мен парламентаралық ынтымақтастық жайын талқыламақ. Бұл ретте әріптестікті одан әрі нығайту үшін екі елдің Сенаттары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі арнайы Комиссияның жұмысы маңызды екенін айтып кету керек. Оның алғашқы отырысы Жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бүгінгі ресми сапары аясында өткелі отыр. Кездесу барысында тараптар 2021-2022 жылдарға арналған Жол картасына қол қояды деп жоспарланған. Маңызды құжатқа Арал теңізін құтқару жөніндегі бірлескен жұмыстар мен оның эко жүйесін сақтап қалу мәселесі де енгенін ерекше атап кету керек. Бұдан бөлек, тараптар цифрлық технологиялар, туризм және білім беру салалары жөніндегі маңызды мәселелерді талқылайды деп жоспарланған. Ал ертең, яғни маусымның 4 күні Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездеспекші. Сонымен бірге Сенат төрағасын осы елдің Президенті Шавкат Мирзиеёв те қабылдайды деп жоспарланған.

Риат Шони, Санжар Шатуляганов

Хабар 24 телеарнасы