Мәжіліс төрағасы Армения президентімен кездесті

Қазақстан басшылығының Армения Президентімен келіссөздері барысындағы уағдаластықтардың жүзеге асырылуына Қазақстан парламентшілері қажетті заңнамалық қолдау көрсетеді.

Бұл туралы Армения Президенті Армен Саркисянмен өткен кездесуде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Жиында тараптар Қазақстан мен Армения, оның ішінде парламентшілер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екенін атап өтті.