Елбасы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар кадрлық тағайындау жасады.

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.