Қазақстан Тәжікстанға 3 млн-нан астам оқ-дәрі жібереді

Қазақстан Тәжікстан мемлекетіне 3 миллионнан астам оқ-дәрі жібереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Қорғаныс министрлігі тиісті заң жобасын әзірледі. Бұл құжат Қазақстанның биылға жоспарланған халықаралық келісімдер аясында дайындалды. Оның Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығысқа қатысы жоқ. Жіберілетін оқ-дәрі шекара маңындағы дауларды шешу үшін пайдаланылмауы тиіс. Жауапты ведомство өкілдерінің хабарлауынша, заң жобасы бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді. Қазақстан қоймаларында бұл оқ-дәрілер бар. Ол қазір қолданылып жатқан жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін біз Қырғыстан мемлекетімен де осындай шарт жасасқанбыз.