Ресейлік журналистің Қ.Тоқаев туралы авторлық хабары жарық көрді

Бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те мәлімдеді.

«Автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ Мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді», – делінген жазбада.