Қазақстанға стратегиялық сауда бақылау жүйесі керек – сарапшылар

Қазақстан стратегиялық сауда бақылау жүйесін енгізуі керек.

Бұл туралы бүгін Әлемдік экономика және саясат институтының мамандары айтты. Сарапшылардың пікірінше, бұл жүйе еліміздің халықаралық сауда процестеріне қатысуын жеңілдетеді. Сондай-ақ басқа мемлекеттермен инновациялық технологиялар саласында өзара тәжірибе бөлісуге мүмкіндік береді. Өкінішке қарай соңғы бір жыл ішінде халықаралық инновациялық көрсеткіш индекстеріндегі Қазақстан рейтингі төмендеп кетті.

«Сол себепті, Үкімет осы мәселені күн тәртібіне бекітіп, шешімін табу керек», - деді экономист мамандар. Әлемнің дамыған елдері Стратегиялық сауда бақылау жүйесін белсенді қолданып жатыр. Ал, Орталық Азия өңірінде әзірге оған басымдық берілмей тұр.