Алматы облысында Катар елінің қатысуымен перинаталды орталық ашылады

Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр кентінде перинаталды орталық ашылады. Мұндай келісімге Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Қатар Сыртқы істер министрлігінің басшысы, шейх Мухаммед бен Абдулрахман Әл Тәни арасында жүргізілген келіссөздер кезінде қол қойылды.

Сондай-ақ тараптар екі жақты қарым-қатынастың мәселелері мен даму барысын да талқылады. Әсіресе сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және банк ісінде бірлескен жобалар қолға алынады.