427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Катар Әмірлігі Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға мүдделі

  • 148
  • UPD: 22:59, 10.06.2021

Қатар Әмірлігі Қазақстанға коронавируспен күресте көмектесуге дайын.

Елімізге ресми сапармен келген Қатар мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, шейх Мухаммед бен Абдулрахман Әл Тәни президент Қасым-Жомарт Тоқаевты QazVac вакцинасының сәтті әзірленуімен құттықтады. Қос тарап бұдан былай бірнеше ірі инвестициялық жобаны да бірлесе әзірлемек. Президент қабылдауында болған мәртебелі мейман өзара қатынастың даму перспективаларына оң баға берді. Әмірлік Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор болады деп ойлаймын. Келешекте біз өзара ынтымақтастық бағытында үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Қазақстан осындай жетістіктерге қол жеткізуге мүдделі.

Шейх Мұхаммед Бен Абдулрахман Әл Тәни, Катар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- Сізге және Қазақстан халқына Жоғары мәртебелі Катар Әмірінің сәлемі мен ең жүрекжарды тілегін жеткізгім келеді. Ол маған елдеріміздің арасында, әсіресе экономика саласындағы ынтымақтастықтың берік негізін қалаудың жолдарын табуды тапсырды. Сондай-ақ ол қазақстандық вакцинаның сәтті жасалуына орай арнайы құттықтауын жолдады. Бұл істе біз барлық жағынан көмек көрсетуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы