Тәуелсіз мемлекетте адам құқығы қорғалуы тиіс – Сарапшы

Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарға қатысты мәселелер, әйелдерді кемсітуді жою, пікір білдіру бостандығы секілді өзекті тақырыптар Ел Президентінің Жарлығында қамтылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әімшілігі бұл мәселені қатаң бақылауда ұстау қажет екенін жеткізді. Қоғам белсенділері бұл жарлықты адам құқығын қорғауға жасалған ұтымды әдіс деп біледі.

Аида Әлжанова, БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңесшісі:

- Бұл жарлық мемлекет адам құқығын қорғауға ден  қойып отыр дегенді білдіреді. БҰҰ-ның көздейтіні де осы. Тәуелсіз мемлекетте мүгедек пен бала, әйел де өзін қауіпсіз сезінуі керек. Біздің Президент осы мәселеге назар аударды. Енді Үкімет пен барлық жауапты мекемелер адам құқығын қорғау шарасын мықтап қолға алады деп сенеміз.