ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен кездесуі барысында бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.
– Біздің барлық медициналық мекемелерімізде жауынгерлеріміз үшін есік әрдайым ашық. Сонымен қатар егер біліктілік алу қажет болса, командир маған жүгіне алады. Өтініш жазсаңыз болғаны. Біз облыстық бағдарлама аясында мәселені шешетін боламыз, - деді Даниал Ахметов.
ҚР Қорғаныс министрі өз кезегінде медициналық қызмет көрсету саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
- Биылдан бастап әскери емдеу орындары әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету құқығына ие болды. Атқарушы биліктің арқасында бізде әлеуетті дамытуға қажетті барлық жағдай қарастырылған, - деп түйіндеді Нұрлан Ермекбаев.