«Хабар» арнасы Қ.Тоқаев туралы деректі фильмнің екінші бөлімін ұсынады

«Хабар» телеарнасы Қасым-Жомарт Тоқаев туралы «Преодоление» атты деректі фильмнің екінші бөлімін ұсынады.

Бүгін  22:00-де «Хабар» арнасынан көре аласыздар. Ал ертең сағат 22:00 мен 22.40-та екі бөлімнің де қайталауы өтеді.

Айта кетейік, фильмде Қазақстанның екінші Президентінің жеке тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады әрі оның саяси жолы суреттелген.

Атап айтсақ, бірінші бөлімде Мемлекет басшысының өмір жолындағы қызықты оқиғалар көрсетіледі. Екінші бөлімде көрермен саяси қызметтің тиімділігін бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы еңбегі мен беделі туралы біле алады.