425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнайы өкілі Қазақстанға келді

  • 186
  • UPD: 21:50, 13.06.2021
АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнайы өкілі Қазақстанға келді

АҚШ пен Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан Ауғанстандағы терроризмге қарсы күресу және экономиканы дамыту үшін ынтымақтаса жұмыс істеуі керек.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанға жасаған ресми сапары кезінде АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзад мәлімдеді.

Айтуынша, ауған елінде толыққанды бейбітшілік, қауіпсіздік орнату және гуманитарлық көмек беру бойынша іс-шараларды бірлесе атқару қажет.

Залмай Халилзад, АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнайы өкілі:

- Болашақта бейбітшілікті нығайту және Ауғанстанға қолдау көрсету үшін біз бірге жұмыс істеуіміз керек. Сондай-ақ АҚШ әскері ауған жерінен шығарылғаннан кейін терроризммен күресудегі іс-қимылымызды үйлестіру жағын да ойластыруымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы