Еліміз Ауғанстан әйелдерінің экономикалық құқықтарын арттыруға көмектеседі

Қазақстан мен Өзбекстан Ауғанстан әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында бүгін Ташкентте өткен «Орталық Азия мен Ауғанстанда тұрақты даму үшін әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты халықаралық форумда айтылды. Онлайн арқылы байланысқа шыққан Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева қазір Қазақстан, Өзбекстан және Еуропалық Одақ арасында орнатылған үшжақты келісім сәтті жүзеге асып отырғанын тілге тиек етті. Бұл құжат Ауғанстан әйелдерін Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында оқыту мәселесін қамтиды. Қазіргі таңда елімізде 40 қыз-келіншек білім алып жатыр. Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты даму бағдарламасының гендерлік теңсіздік индексінде 44-ші орында. Бұл Орталық Азиядағы үздік көрсеткіш. Ал көрші Өзбекстан 64-ші орынға жайғасқан.

Миранья Сполярич Эггер, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі:

- Өзбекстанда әйелдердің экономикалық құқықтарын толыққанды арттыру үшін нәзік жандыларға еңбек нарығына қатысуға кедергі келтіретін бірқатар заңнамаларды реттеу қажет. Яғни, қыз-келіншектерге үйреншікті ісімен емес, ер азаматтармен қатар иық тіресіп еңбек етуіне кең мүмкіндік беру аса маңызды. Біз болашағы бар мамандықтар қатарына инжениринг, жоғары технологиялар, жаратылыс ғылымдары сынды салаларды жатқызамыз. Міне, нәзік жандылардың да осы бағытта жұмыс істеуіне құқығы болу керек. Бұл Орталық Азиядағы барлық елдерге қатысты.

Сондай-ақ...