Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Орталық басшысы Қайрат Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы жөнінде баяндады.

Сондай-ақ инвестиция тарту, адам әлеуетін және креативті экономиканы дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруда және ұлттық экономиканы дамытуда қаржы орталығының маңызды екенін атап өтті.