Қ.Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласына қатысты заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасындағы көші-қон саласына қатысты заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.