Президенттік кадр резервіне енген жастар қандай жоғары лауазымдарға тағайындалған?

Президенттік кадр резервіне енген жастар бүгінде жоғары лауазымдағы қызметтерін адал атқарып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтқан болатын. Содан бері осы бағытта біршама жұмыс атқарылды. Президент жастар кадр резерві шын мәнінде мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды реформаларының біріне айналды. Еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, қазір резервке енген 300 адамның 180-нен астамы лауазымды қызметке тағайындалған. Олардың арасында Президент әкімшілігі, Сенат аппаратында қызмет ететін жастар бар. Бірқатары Министрлер мен облыс әкімінің орынбасарлары лауазымында. Айта кетейік, Президент жастар кадр резервінің өкілдері бірінші басшылардың штаттан тыс кеңесшілері де бола алады.

Орталық меморгандарда – 92

Жергілікті атқарушы органда – 40

Ұлттық компанияларда – 30

 Басқа да жеке ұйымдарда – 19

Саяси лауазымдарда – 17

«А» корпусы лауазымында – 5

Парламент Мәжілісі депутаты – 2,

Облыстық мәслихат депутаты қызметінде –1.