Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері Сума Чакрабартимен кездесті

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы төрағасы Қазақстанда атқарып жүрген жұмысы және көшбасшылық қабілетімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Резерв өкілдері мемлекетті басқару ісінде кездесетін кедергілермен танысты.

Президент кеңесшісінің айтуынша, бұл жастар келешек мемлекеттік қызметшілер, ел басқаратын тұлғалар. Сондықтан стратегиялық жоспарлау, аумақтық даму, мемлекеттік басқару жүйесі және ел экономикасына инвестиция тарту тәсілдерін жетік білуі қажет.

Олжас Сәкенов, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

- Резерв мүшелерінің саяси тұлғалармен кездесуінің тағы бір мүмкіндігі болып жатыр. Бұның маңызы жаңа реформа, өзгерістерге септігін тигізу.

Аяужан Әбдуәлиева, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

- Кездесу барысында мырзаға сұрақтар қойып, идеялармен бөлісіп, талқылау болды. Осы кісінің тәжірибесі, қызметтегі жетістіктерін, көптеген ақпаратты ойымызға түйдік.