Сенат төрағасы Қырғыз Республикасының төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев тату көршілік, тарихи ортақ тамырластық, тіл мен мәдениет ғасырлар бойы қазақ және қырғыз халықтарын бауырластық пен достық қатынастармен байланыстырып келе жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Сенат төрағасы парламенттік өзара іс-қимыл қазақ-қырғыз қатынастарын нығайту факторларының бірі болып табылатынын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев пен Жээнбек Кулубаев парламентаралық, әлеуметтік-мәдени, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.

«Осы жылдың күзінде Қырғызстанда сайлау өтетіні және Жогорку Кенештің жаңа құрамы қалыптасатыны белгілі. Парламенттік байланыстардағы ынтымақтастыққа одан әрі қарқын беру маңызды деп санаймын. Екі елдің өзара қарым-қатынасын дамытуға Парламенттер ықпал ете алатын бірқатар мәселе бар. Осыған байланысты парламентаралық қызметті одан әрі арттырудың маңызы зор», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Ақпарат көзі: Сенаттың баспасөз қызметі