424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 21 кандидат өзін өзі ұсынды

  • 118
  • UPD: 10:09, 01.07.2021

Алматы облысы бойынша ауыл әкімдерінің сайлауына 21 кандидат өзін өзі ұсынды.

25 шілдеге белгіленген саяси науқан 71 ауылдық округте өтеді. Басым бөлігі Еңбекшіқазақ, Ақсу, Алакөл, Балқаш пен Ұйғыр аудандарына тиесілі екен. Бүгінге дейін 60 әкімнің өкілеттілік мерзімі аяқталса, 5 әкім басқа қызметке ауысып кеткен. Өз еркімен жұмыстан кеткені үшеу. Екі лауазым иесі құрметті демалысқа шықса, 1 шенеунік жұмыс барысында заң бұзушылыққа жол бергені үшін қызметімен қош айтысқан. Алдағы ауыл әкімдерінің сайлауына 17 аумақтық, 200-ге жуық учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Алматы облысы бойынша 222 мыңнан астам сайлаушы қатысатын саяси дода күні 1451 сайлау комиссиясының мүшесі жұмыс істейді. 

Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

 - Сайлау округтерін тағайындау, құру туралы ақпарат, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудандар мен қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған және жергілікті бұқаралық апқарат құралдарында жарияланатын болады осы жетіде. Облыс халқы бұл сайлауға үлкен қызығушылық танытады, әр округте әкімнің орыны үшін күрес болады деп күтеміз. Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы