Сенат төрағасының орынбасары ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты.

Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің желтоқсан сессиясының қорытындылары, ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдай және халықаралық шарттарды ратификациялау барысы талқыланды.

Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында экстремизм мен терроризмнің таралу қаупіне қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ұйымға қатысушы елдерде осы жылы өткен парламенттік және президенттік сайлауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан барған халықаралық байқаушылардың жұмыс нәтижелерін қарады.