ШҚО-да ауыл әкімдерінің сайлауына дайындық пысықталды

Шығыс Қазақстан облысында 77 ауылдық округтің әкімі сайланады.

Қазір осы саяси науқанға дайындық қызу жүріп жатыр. Аймақта 200-ден аса сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау комиссиясының мүшелері анықталып, олар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында арнайы оқу-семинарынан өтті. Ал сайлауға қатысатын кандидаттар маусымның 26-сынан бастап ережеге сай өз өтініштерін беріп жатыр. Қазір сайлау округтері құрылып, саяси науқанды өткізу және дайындау бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары бекітілді. Сондай-ақ сайлаушылардың тізімін жасақтау жұмысы да пысықталуда. 

Жанар Алқанова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: 

- Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мүшелерін оқыту-семинарлары өткізілді. Және осы учаскелік сайлау комиссияларының сайлауға дайындықтарын қарау мақсатында әдістемелік көмек көрсету мақсатында іссапралар ұйымдастырылған.