Семей маңындағы 4 ауылдық округке жаңа әкім сайлануы тиіс

Семей қаласының маңындағы 4 ауылдық округке жаңа әкім сайлануы тиіс. 

Айнабұлақ, Алғабас, Достық және Жиенәлі ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталған. Келесі басшыларды халық өзі таңдайды. Бұл ауылдарда 2 мыңнан астам халық тұрады. Қазір жергілікті сайлау комиссиялары құрылып, дайындық шаралары жүріп жатыр. Әзірге үміткерлер тіркелмепті.