Ерлан Қарин Маңғыстауда жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Бұл туралы әкімдіктің желідегі парақшасы хабарлады.

Сапар барысында Е.Қарин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірқатар кездесулер өткізді. Аймақта вакцинацияны, ұлттық халық санағын ұйымдастыру, әлеуметтік маңызды өнімдерге бағаны тұрақтандыру және өзге де өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, Президент көмекшісі қоғам белсенділерімен, шығармашылық зиялы қауыммен, Президенттің жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп, Маңғыстау өңірін дамытудың негізгі тетіктерін пысықтады. Жұмыс сапары аясында Е.Қарин Жаңаөзен қаласына, Мұнайлы ауданына, Батыр және Қызылтөбе ауылдарына барып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар жиындар өткізді.