Атырау облысы бойынша 18 ауылдық округтің әкімі сайланады

Биыл Атырау облысы бойынша Атырау қаласы мен 6 ауданға қарасты 18 ауылдық округтің әкімдері сайланады.

Бұл окургтерде 44 мың 500 сайлаушы бар. Ауыл тұрғындары үшін маңызды саяси шараны өз деңгейінде жүзеге асыру үшін мұнайлы өңірде 236 сайлау комиссиясы құрылды. Қазір ауылдар мен кенттерде дайындық жұмыстары басталды. Күні бүгінге дейін өзін өзі ұсынған 31 кандидат құжат тапсырған. Кандидаттарды тіркеу 9 шілдеге дейін жалғасады. Ауыл әкімі лауазымынан үміткерлер қатарында түрлі мамандық иелері бар.

Азамат Айманақұмов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Олардың ішінде ауыл шаруашылығы мамандары, экономистер, заңгерлер және өнер адамдары мен педагогтар бар. Қазіргі уақытта осы үміткерлердің құжаттарын ҚР сайлау туралы заңға байланысты бұл кандидаттарды аумақтық сайлау комиссиялары тіркеу туралы шешім қабылдайды.