Қазақстан мен Түркия аэроғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Turkish Aerospace Industries» (TAI) аэроғарыш және қорғаныс-өнеркәсіп компаниясының бас директоры Темел Котилмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен TAI компаниясы арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде компанияның машина жасау, өнеркәсіп және аэроғарыш саласындағы жобаларға қатысуын, сондай-ақ бірлескен өндіріс құру мен технологиялар трансфертін құру мүмкіндіктерін талқылады.

Т.Котиль бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастыққа қызығушылығын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«TAI» өзіндік интеграцияланған жүйелерді жобалаумен, әзірлеумен және өндірумен айналысатын жетекші түрік аэроғарыштық компаниясы болып табылады.

Компания бірегей жабдықтың ірі халықаралық өндірушілер үшін өндірістік алаң болып табылады және 5 негізгі бизнес-сегменттерде жұмыс істейді: ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшу аппараттары, ғарыш жүйелері, аэроқұрылымдар.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі