Қостанай облысында ауыл әкімдерінің сайлауы 65 елді мекенді қамтиды

Қостанай облысында ауыл әкімдерінің сайлауы алпыс бес елді мекенді қамтиды. Қазір 91 адам кандидаттыққа үміткер ретінде тіркелген.

Олардың жетпісі өзін өзі ұсынғандар. Қалғаны саяси партиялар атынан додаға түспек. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі Амангелді, Жанкелдин, Қарабалық, Ұзынкөл аудандарында таңдалады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына 15 шілдеден бастап кірісе бастайды. Облыс бойынша сайлауалды науқанын өткізуге 243 миллион теңге бөлініп отыр.

Әсия Дуанбаева, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Жергілікті жерлерде үгіт-насихат және сайлаушылармен өтетін орындар белгіленіп қойылған. Өзін өзі ұсынатындар көшеден келе салған адамдар болмайды. Кандидат ретінде тіркеу талапқа сай жүргізіледі. Ол міндетті түрде ҚР «Сайлау туралы» заңы мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарына сәйкес талаптардың үдесінен шығуы тиіс.