Оливер Стоун Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады

Голливудтың танымал режиссері Оливер Стоун әлеуметтік желіде Қазақстан мен Назарбаев туралы өз жобасының трейлерімен бөлісті.

Режиссер жақын арада елімізге келіп, «QAZAQ History Of the Golden Man» («QAZAQ: история золотого человека») деректі фильмінің тұсаукесеріне қатысады.

Өзінің Facebook-тегі парақшасында Оливер Стоун қазір Италияда екенін, одан кейін Қазақстанға баратынын жазған. Сегіз сағаттық фильмнің режиссері Игорь Лопатенко. Фильмде Оливер Стоунның Қазақстанның Тұңғыш Президентімен сұхбаттасқан сәті де бар.

Фильм Қазақстан және соңғы 30 жыл бойы елді басқарған Нұрсұлтан Назарбаев туралы: «Оны диктатор, мықты адам, жауыз, қалай атасаңыз да өз еркіңіз. Бірақ соңында сіз Кеңес империясының күйреуі туралы және елдің тәуелсіздігі, оның ішінде ядролық қарудан бас тартудың маңызы туралы ой қозғайтын қарапайым адамды көресіз. Ол сондай-ақ Қазақстанның көшпелі тарихын және Еуразияның технологиялық болашағы туралы баяндайды. Менің ойымша, бұл жарқын болашақ», - деп жазды ол.

Стоун жариялаған трейлерде Қазақстанның Тұңғыш Президентімен сұхбаттың үзінділері бар, онда Елбасы өз жолын неден бастағаны, Горбачев пен Ельцин туралы, КСРО-ның күйреуі, Семей полигоны және елорданың құрылысы туралы әңгімелейді.

Сондай-ақ...