Иманбек «Жыл жаңалығы» номинациясында GQ сыйлығына ұсынылды

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов GQ ерлер журналының «Жыл жаңалығы» номинациясындағы сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иманбектен басқа бұл марапатқа Федор Федотов пен Владимир Онохов сияқты актерлер, Soda Luv атты музыкант, режиссер Евгений Сангаджиев ұсынылды.

Еске салайық, 20 жастағы Иманбек Зейкенов «Грэмми» жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол мүсіншені SAINt JHN-ның Roses композициясына ремиксі үшін алды. Иманбек даңқы шыққанға дейін Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде ол Рита Ора, Usher, David Guetta, 50 Cent, Sean Paul және Sofia Reyes сияқты әлемге әйгілі әртістермен ремикс пен тректерді жазып үлгерді.

Сонымен қатар, GQ сыйлығының басқа, «Экрандағы тұлға» номинациясына өскемендік стендап комик Евгений Чебатков ұсынылды, ал павлодарлық Скриптонит «Жыл музыканты» санатына ұсынылды. Режиссер Тимур Бекмамбетов жылдың үздік продюсері ретінде сыйлыққа үміткер.