Елбасы әлемдік саяси партиялар саммитіне қатысты

Жаһандық дағдарыстарға тек халықаралық ынтымақтастық орнату арқылы төтеп беруге болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саяси партиялар көшбасшылар саммитінде осылай деп мәлімдеді. Онлайн форматта өткен басқосу Қытай коммунистік партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жиында еліміздің Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының қызметі мен Қазақстанның алдағы жоспарлары жайында баяндады. Сондай-ақ Елбасы барлық саяси партиялар бірлесіп, геосаяси ахуалды реттеуге өз үлесін қосу қажеттілігін атап өтті.

«Nur Otan» мен Қытай коммунистік партиясының екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігін дамытудағы рөлі зор», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.