АҚШ 9 мыңға жуық ауғанды Орталық Азияда паналатуды сұрайды: сарапшы пікірі

«Блумберг» агенттігі АҚШ 9 мыңға жуық ауған азаматын Орталық Азия елдеріне паналатуды сұрайды деп жазды. Бұл хабар қазақстандықтардың арасында үлкен пікірталас тудырып отыр.

Бірақ қазақстандық саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков аталған ақпаратқа шынайы қараудың қажеті жоқ деп есептейді. Себебі бұл ресми мәлімет емес.

Сұлтан Әкімбеков , саясаттанушы:

Сыртқы күштер бүгінде жағдайдың тұрақты болғанына мүдделі. Пәкістан, Өзбекстан, Қытайдың Ауғанстан аумағында экономикалық жобаларының бар екенін көріп отырмыз. Бұлар теміржол, көлік дәліздерін салу. Сондықтан соғыс басталу үшін бұл елді жікке бөлуді ешкім қаламайды. Жағдай соншалықты қорқынышты емес, бұл түсінікті жайт. Барлық тараптар америкалықтар түбінде кететінін жақсы білді.

Сондай-ақ әлемдегі кейбір сарапшылар Ауғанстанда болашақта бірнеше лаңкестік топ қақтығысып, ақыр соңында тәліптер ортақ мәмілеге келуге мәжбүр болады деп есептейді.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова