425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Қазақстан мұқтаж елдерге вакцина беруге дайын

  • 113
  • UPD: 04:45, 10.07.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар Қазақстан мен ұйым арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Пандемияға қарсы күрестегі бірлескен іс-қимылдарға, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қоғамдастықтың пандемия салдарына қарсы күресте жұдырықтай жұмылуы қажет деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз өзіміздің төл вакцинамызды әзірледік. Келешекте, қажет болған жағдайда, оны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз.

Волкан Бозкыр, БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы:

- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына өте белсенді атсалысады. Сіз ұйым жүйесінде көп жыл жұмыс істедіңіз. Тәжірибеңіз мол. Елдің басшылығы да Ұйыммен белсенді ықпалдастық жасайды. Қазақстанның Сирия қақтығысын Астана процесі ретінде белгілі бейбіт жолмен реттеуге қосқан үлесін қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы