Президент Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты отставкаға жіберді. LIVE

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен  өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында тағы қандай мәселе қозғалды?  

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Президент жиында елдегі инфляция жағдайына баса мән беру керектігін ескертті. Бұл жағдай әлемнің барлық мемлекетінде байқалып отыр. Дегенмен, инфляцияның тоқтаусыз өсімі Қазақстанның экономикасын қиындатып жібереді. Осыны еске салған мемлекет басшысы мәселені ұдайы назарда ұстап отыруды тапсырды. Ұлттық банк та ұлттық қордың әлеуетін үнемі бағамдап отыруы шарт деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның үстіне қазір әлемде шикізат та қымбаттап келеді. Соған сай қорды толықтырып алуға мүмкіндік бар. Отырыс барысында көкөністің қымбаттауы мен малдың қырылуына қатысты мәселелер де көтерілді. Бұл салаға жауапты сала өкілдері, яғни Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен кететін күн де алыс еместігі атап өтілді. Қоса кетейін, министрлер кабинетінің жоспары бойынша биыл елде 480 ауыл жаңғыртылады.«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында осы іс жүзеге асырылады. Оған 106 млрд теңге жұмсалады. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көптеген жоба қолға алынады.