С.Омаровтың орнына кім Ауыл шаруашылығы министрі болады?

Ауыл шаруашылығы Сапархан Омаров отставкаға кетті. Президент осындай Жарлыққа қол қойды.

Әзірге оның орнына кімді тағайындайтыны белгісіз. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырсында Сапархан Омаровтың жұмысын төмен бағалады.

Ауыл шаруашлығы саласына жауапты басшы өзіне жүктелген міндетті орындай алмаған. Көкөніс бағасы күрт өсіп кетті, одан кейін бірқатар өңірде мал қырылды. Міне осының барығы экс-министрдің сынға ұшырауына себеп болды.