Мұнай зауыттарының жөндеуге жиі жабылуы күмәнді – Президент

Президент елдегі мұнай өңдейтін зауыттардың неліктен жиі жабылып қала беретінін түсінбеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев үш бірдей кешен 2018 жылы толық жаңартылғанын айтты. Құрылысқа 2 триллион теңгеден аса қаражат жұмсалған. Бірақ әлгі зауыттар сонда да жөндеуге жиі жабыла береді. Президент мұнда бір шикіліктің барын айтты. Сондықтан Үкіметке осы мәселеге назар аударуды тапсырды. Мұнай өңдейтін зауыттардың жұмысы тұралаған соң елде жанармай бағасы да қымбаттаған. Жыл басынан бері 13 процентке өсті. Кейбір өңірде отынды тіпті талонмен береді.