Мемлекет басшысы халықты «Pfizer» вакцинасымен жедел қамтуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты «Pfizer» вакцинасымен жедел қамтуды тапсырды.

Бұл американдық екпе түрі елге мамыр айында жеткізілуі тиіс еді. Алайда құзырлы сала жетекшілері міндетті уақытылы орындамады. Салдарынан 2 млн препарат нарыққа жеткізілген жоқ. Енді лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Қазір ел азаматтары үшін бірнеше вакцина бар. Бірақ арасында Пфайзер жоқ. Оған деген сұраныс артып келеді. Коронавирустың жаңа штамдары пайда болды. Үкіметтің бұған қатысты уәжі басқа.

Олардың айтуынша, бар кінә Пфайзерді өндіретін компания тарапынан туындап отыр. Олар біздің елге өнімді жеткізу үшін бірқатар талап қойған. Президент «мұндайға жол беріп, қызметіне немқұрайлы қараған, қиын сәтте жедел шешім қабылдай алмаған жауаптылар орындарын босатуы керек», - деді.