Ұлттық санақты сапалы әрі уақытылы өткізуді тапсырамын – Президент

Мемлекет басшысы ұлттық халық санағын белгіленген мерзімде сапалы өткізуді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Тағы бір өзекті мәселе. Биыл күзде елімізде үшінші Ұлттық халық санағы өтеді. Бұл санақ індетке байланысты күрделі кезеңде өтетін болды. Сондықтан Үкіметке, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ұлттық санақты белгіленген мерзімде сапалы өткізуді тапсырамын. Бұл ретте, санақ жүргізетін қызметкерлердің бәрі вакцина алып, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс», – деді Президент.

Еске сала кетейік, Тәуелсіз Қазақстан тарихында халық санағы биыл үшінші рет жүргізілмек. Оған мемлекет бюджетінен 9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 

Ұлттық санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді. Оған онлайн және дәстүрлі форматта қатысуға болады.