424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Ауғанстандағы тараптарды күш қолданбауға шақырды

  • 76
  • UPD: 19:06, 14.07.2021
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Ауғанстандағы тараптарды күш қолданбауға шақырды

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Ауғанстанның біртұтас әрі демократиялық ел ретінде қалыптасуын қалайды.

Сондықтан тараптарды күш қолданудан бас тартуға шақырады. Душанбеде өткен кездесуден кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң сыртқы iстер министрлері осындай мәлімдеме жасады. Ведомство басшыларының айтуынша, Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы аймақтағы қауіпсіздіктің басты факторының бірі. Сол себепті олар Ауған елінің тәуелсіз һәм гүлденген мемлекет ретінде қалыптасуын қолдайтындарын жеткізді. Ауғанстандағы шиеленіс американдық әскердің елден кетуінен кейін өрши түсті. Елдің бірқатар провинциясында үкімет күштері мен тәліптер арасында қақтығыс басталған.

Хабар 24 телеарнасы