Ауыл әкімдерінің сайлауалды үгіт-насихат науқаны жүріп жатыр

Ауыл әкімдерін сайлау қарсаңында бүгін ел ішінде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды.

Яғни өзін  өзі ұсынатын кандидаттар жақтастарын өзіне дауыс беруге шақыра алады. Науқан шілденің 23-інен 24-іне қараған түні аяқталады. Осы жаздың маңызды саяси оқиғасы шілденің 25-іне белгіленгенін айта кету керек. Оның алдында «үнсіздік күні» болады. Осылайша халық 10 күннен кейін 730 елді мекеннің жаңа басшысын таңдайды. Қалған әкімдерді өкілеттік мерзімдері аяқталғаннан кейін сайлайды. Сайлауға түсетін үміткер 25 жастан асқан, бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Жоғарғы білімі болуы шарт.

Сондай-ақ...