Өскеменде «Партиялық емес байқау орталығының» өкілдері байқаушыларға кеңес берді

Сайлау процесін байқаушылар заңды жақсы білуі тиіс. Өскеменде жұмысын бастаған «Партиялық емес байқау орталығының» өкілдері осылай дейді.

Аталған орталық байқаушылармен онлайн байланыс орнатып, кеңес берді. Жалпы өңірде 77 ауылдық окург әкімі сайланады. Осыған орай қазір шараның әділ әрі заңды өтуін қадағалайтын 300-ден астам тәуелсіз байқаушы дайындықтан өтіп жатыр. Тренингті сайлау науқанын ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар мамандар өткізді.

Аяужан Әшімова, облыстық «Партиялық емес байқау орталығы» төрағасы:

- Байқаушылардың басым бөлігі шалғай аудандарда тұратын қарапайым ауыл тұрғындары. Сондықтан оларды даярлауға ерекше көңіл қойып отырмыз. Телефон, уотсап желісі​ арқылы тұрақты хабарласып, әр байқаушымен дербес жұмыс істеп, даярлап жатырмыз.